Қазақстанда банктерге 18 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 64 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

ҚР Ұлттық Банкі 2018 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) жол беретін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 64 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды. Оның ішінде: 24 санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде және 40 шектеулі ықпал ету шарасы, оның 37-і жазбаша ұйғарым және 3-еуі жазбаша ескерту.

«Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көптеген жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде талаптар көзделген банктік қарыз шартына қызмет көрсетуді; төлемдер мен ақша аударымдарын; банктік шоттарға қызмет көрсетуді; Ұлттық Банкпен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға байланысты талаптарды сақтамайтыны көрсетілді», - делінген хабарламада.

Ұлттық Банкпен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау бойынша Ұлттық Банкке сұратылатын ақпарат пен құжаттарды уақтылы бермеуге/бермеуге қатысты бұзушылықтар анықталды.

«2018 жылғы 2-тоқсанда банктердің арасында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша ең көп бұзушылыққа жол берген мынадай банктерді атап өтуге болады: «Qazaq Banki» АҚ, "Астана банкі" АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ведомствоның мәліметіне сәйкес, 2018 жылғы 2-тоқсанда олар бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 17 млн. 958 мың теңгеден асып түсті, оның ішінде:

- "Qazaq Banki" АҚ - 3 млн. 843 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін);

- «Астана Банкі» АҚ - 1 млн. 971 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін);

- «Эксимбанк Қазақстан» - 9 млн. 620 мың теңге (нұсқау сомасынан 5% мөлшерінде төлем құжаттарын орындау тәртібін (клиенттің төлем/ақша аударымы бойынша нұсқауын орындау мерзімін) бұзғаны үшін);

- «АТФ Банк» АҚ - 1 млн. 563 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер ұсынғаны, сондай-ақ шектеулі ықпал ету шараларын уақытылы орындамағын үшін);

- «Нұр Банк» АҚ - 962 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер ұсынғаны үшін).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: