Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға үй жалға берген азамат жазаға тартылды

ҚазАқпарат
Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.

Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға үй жалға берген азамат жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеңіл жүрісті қыздарға үй жалға берген азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды. Құқық бұзушы Б. Атырау қаласындағы «Сарыарка» мөлтекауданында орналасқан пәтерді жалға алып, кейін оны жезөкшелікпен айналысатын адамдарға ұсынған, сонысымен, ӘҚБтК-ң 450-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. Сот отырысында Б. кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, сотпен құқықбұзушы Б.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, үй-жайлар жалға беру қызметі 3 айға тоқтатылып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 240 500 теңге айыппұл салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды