Семейде спорттық киім екен деп бикинимен жүрген мас адам ұсталды

altaynews.kz
Фотосурет Семейдегі полиция бөлімдерінің бірінде жасалған.

Мына бір фотоны ғаламторда талқыламаған адам жоқ шығар. Қызығы сол, бұл фотосурет Семейдегі полиция бөлімдерінің бірінде жасалған, деп жазады altaynews.kz.

Бикинидегі славян тектес жігітті «қызтеке» болуы мүмкін дегендер де бар.. . Ал оның қолындағы көк пакет, осы портреттің ажарын одан сайын аша түскендей. Желі қолданушыларының бұған қатысты пікірлері сан-саққа бөлінді. Бірі оны нәзік жанды жігіттердің қатарына қосса, енді бірі бәстен жеңіліп қалуы туралы нұсқасын алға тартты. Әйтсе де мұның себебі басқада болып шықты. ІІБ-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей, қыздардың киіміндегі жігіт Ертіс жағалауында жүрген. Сол маңнан оны тәртіп сақшылары ұстап алған. Сөйтсе:

«Ер адам сауда бутиктерінің біріндегі ұрлыққа қатысы бар деген күдік бар. Қолға түскен кезде мас болған. Өзінің айтуынша, ол палуандардың спорттық формасын кидім деп ойлапты», – деп түсіндірді басқарма қызметкерлері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты