Министрлік ауыр жарақаттанған Денис Тенді неліктен «совминкаға» жеткізбегенін түсіндірді

Baq.kz
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасы ол жерде шұғыл хирургия бөлімі жоқ екенін айтты.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева 19 шілде күні Алматыда пышақтан ауыр жарақат алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Орталық килиникалық ауруханаға жеткізу себебін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақтаева жедел жәрдем қызметі спортшыны бірден «совминкаға» жеткізбеу себебін түсіндірді.

«Алматы қаласында шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем ауруханасы мен орталық клиникалық ауруханасы бар. Жедел жәрдем ауруханасы алыста және оған пациентті жеткізу көп уақыт алатын болды. Құрманғазы көшесі бір бағытта болған соң пациентті жеткізу уақыты қысқарып, орталық клиникалық ауруханаға барған. «Совминкаға» қатысты айтар болсақ, Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасы ол жерде шұғыл хирургия бөлімі жоқ екенін айтты. Мұндай бөлім орталық клиникалық ауруханада бар. Пациентті тасымалдау кезінде қажетті реанимациялық шаралардың барлығы жасалған. Уақыт факторы бар. Кабылдау бөлімі аптаның жеті күнінде 24 сағат жұмыс істейтін стационарға жеткізу өте маңызды», - деп сөзін түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, 19 шілде күні Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Орталық клиникалық ауруханасында көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды