Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі

Республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде дауыл болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 23 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде дауыл болады. Ел бойынша жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерде 23-28 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болып, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с артады, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстанда дауыл тұруы ықтимал.

Алматы, Павлодар облыстарында кей жерде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында тұман болжанады.

Жамбыл облысында желдің күші 23 м/с жетеді, таңертең және күндіз найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарындың кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай болады.

Қостанай облысының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында күндіз найзағай болады.

Сондай-ақ Алматы, Атырау облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.

Бұдан басқа, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: