Қостанай облысында қатты дауыл спортзал шатырын ұшырып әкетті

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында қатты дауыл болды.

Қарасу ауданындағы мектептің спортзалының шатарын дауыл ұшырып әкетті, деп хабарлайды Baq.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында қатты дауыл болды. Синоптиктердің хабарлауынша, жел екпіні секундына 22 метр болған. 22 шілде күні дауыл Жамбыл ауылындағы мектептің спортзалының шатырын ұшырып әкеткен.

Ұшып кеткен шатыр көлемі 270 шаршы метр, яғни бүкіл ғимарат шатырсыз қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, шығынды есептеп жатыр және шатырды қалыпқа келтіру жолдарын қарастырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: