Танымал қазақ боксшысы америкалық қызға үйленді

Stan.kz
Димаш пен Джениффердің тойы АҚШ-тағы Мауи аралында өткен

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы әрі ең үздік полицей Димаш Ниязов бойдақтықпен қош айтысты. Димаш америкалық бойжеткенмен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш пен Джениффердің тойы АҚШ-тағы Мауи аралында өткен.

“Қандай тамаша күн. Бұл күні қандай сезімде болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бір ғана айтарым, бұл менің өмірімдегі ең керемет күн. Ол менің – әлемім, менің барым. Құдайдан сол күні кереметтей ауа-райы беруін сұрадым, себебі тойға дейін үш күн бойы жаңбыр жауған еді. Дұғам қабыл болып, сол күні күннің батысын тамашаладық. Мұндайды Мауи бірнеше жылдан бері көрмеген еді. Осы күнге бізбен бірге болған жақындарым мен достарыма алғыс айтамын. Сіздерді бағалаймыз әрі жақсы көреміз”, – деп бөлісті Димаш.

Айта кетейік, Димаш америкалық сүйіктісімен бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген. Қос ғашықтың желідегі алғашқы суреті 2013 жылы жарияланған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз