Педофилдерге xимиялық кастрация бірнеше рет жасалады - Бас прокуратура

akamaized.net
Дәрігерлер ондай адамдардың жыныстық өзгерістерін жіті қадағалайды.

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов педофилдерді бақылау шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі заңнамада педофилдерді бақылау шаралары күшейтіліп отыр. Біз оларды үнемі бақылайтын боламыз. Дәрігерлер ондай адамдардың жыныстық өзгерістерін жіті қадағалайды. Мысалы, оны түрмеден босатты дейік. Егер одан қандай да бір қауіп болса, онда xимиялық кастрацияны тағы жасайтын болады», – деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Бас прокурордың орынбасары 5 мың адамды түрмеден босатуға қатысты түсінік берді.

«Бүгінде әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралуда. «Ауыр қылмыс жасаған 5 мың адам бостандыққа шығады. Олар зорлық жасаған, адам өлтірген, қарақшылық жасағандар» дейді. Бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңалықтар шықты. Бұның барлығы шындыққа жанаспайды. Біреулер мәселенің анық-қанығына мән бермеді, енді біреулер сенсация жасаймыз деп, солай берді. Соның салдарынан қоғам ол жаңалықты дұрыс түсінбей қалды», – деп атап көрсетті М.Аxметжанов.

Оның айтуынша, 5 мың адамның ішінде қарақшылар, педофилдер, зорлық жасағандар, адам өлтіргендер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр