Семейде 17 жастағы қыз жоғалып кетті

ҚазАқпарат
Ата-анасы мен достары да оның қайда кеткенінен бейхабар.

Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бір апта бұрын үйінен шыққан ол сол күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс кентіндегі 6-шы саяжайда тұратын Сымбат Мұқатаева 23 шілде күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір жасөспірім қызды полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер де іздестіріп жатыр. Бірақ еш хабар жоқ. Ата-анасы мен достары да оның қайда кеткенінен бейхабар. Сымбаттың бойы - 160 см, көзі - қоңыр, шашы қара, оң жақ ернінің астында меңі бар.

«Еріктілерден құрылған топ мүмкіндігінше іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. Егер Сымбат туралы қандай да бір ақпарат білетін болса, 102 немесе 8-747-430-10-74, 8 707-260-98-12, 8 747-790-76-11, 8 747-349-57-17, 8 747-430-10-74 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз», - дейді "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады