Ақтөбелік екі прокурор 100 мың доллар парамен ұсталды

Baq.kz
Ұсталғандар қазір қамауда отыр.

ҚР Бас прокуратурасы пара алды деген күдікпен Ақтөбе облысы Хромтау аудандық екі прокурорға қатысты істі бастады, деп хабарлайды Baq.kz.

2018 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкер заңға қатысты мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Тергеу жүргізу барысында прокурорлар бизнесменге «көмектесеміз» деп «көрсеткен қызметі үшін 100 мың доллар сұраған», - деп жазады басылым.

Бизнесмен олар қойған шартқа келіскенімен, кейінірек прокуратураға өзінен пара алмақ болғаны туралы шағымданған. Содан бері кәсіпкер мен прокурорлар арасындағы әңгіме жазып алынған. Ақша беріп жатқан кезінде оларды ұстаған.

Ұсталғандар қазір қамауда отыр. Тергеушілер фоноскопиялық сараптама нәтижесін күтуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды