Қызылордада айуандық әрекеттің құрбаны болған 9 жасар қыз баланың жағдайы түзеліп келеді. Операция жасалып, ауруханадан шықты. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Қазір оқушы қыз әкесі мен әжесінің жанында.
Ауыр психологиялық және физиологиялық соққы алған қызбен мамандар ұзақ уақыт жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілде күні қаладағы «Ягодка» саяжайында қандықол қылмыскер 9 жасар қызды зорлауға ұмтылып, ал оны қорғамақ болған анасын өлтірген.
Қазір күдікті қамауда отыр.
Асқар Жәуенов, облыстық ІІД тергеу бөлімінің басшысы: - Қазіргі таңда тергеп-тексеру басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, тергеу судьясымен күзетпен ұстау бұлтартпау тағайындалып, қамауға алынды. Қалған мәліметтер ҚК 271-бабы талабына сәйкес тергеу құпиялылығына сай жария етілмейтінін хабарлаймын.