Жамбыл облысында болған апаттың шығынын вагондардың иесі өтейді

Хабар 24
Бұл вагондар 2009 жылы шығарылған.

Жамбыл облысындағы Мойынты-Шығанақ аумағында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетуінен келген шығын көлемі есептеліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Төтенше жағдайға «Исткомтранс» ЖШС-не қарасты 28-вагонның бүйір рамасы сынып кетуі себеп болған. Бұл вагондар 2009 жылы шығарылған. Белгілі болғандай, соңғы 10 жылда аталған кәсіпорын шығарған вагондардың рельстен шығып кетуі бойынша 14 оқиға тіркелген. Ал 2015 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бұл бүйір рамаларын қолданыстан алып тастау туралы шешім қабылдаған. Шешімге құлақ аспаған жүк вагондарының иесі енді заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды өтеуі тиіс.

Қазір осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған