Күршім ауданында суға кеткен 8 жасар ұл табылды

altaynews.kz
Боран ауылы маңында бір отбасының үш адамы суға кеткен болатын.

29-шілде күні Күршім ауданы Боран ауылы маңында суға кеткен 8 жасар баланың денесі бүгін табылды деп жазады Алтайньюс.

Бүгін түстен кейін 15 сағат 20 минутта Күршім суда құтқару бөлімшесінің 9-шы отрядының құтқарушылары өзен ағысынан төмен бір шақырым жерден баланың денесін тапты. Зайсан бағытындағы көпір маңында субетінде қалқыған ұлдың денесі шығарылып, әкесі мен ағасы әлі іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күнгі демалыс қайғылы аяқталып, бір отбасының үш адамы бірдей суға кеткендігі туралы суық хабар тараған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды