Екі күн бойы пойыз күткен жолаушылар жолға шықты

otyrar.kz
Астана уақытымен сағат 14:20-да келген «Шымкент-Астана» бағытындағы пойыз, 10 минут аялдап, азаматтарды алып кетіпті.

Жамбыл облысында пойыз жолда болған апат салдарынан кеше Шымкенттегі темір жол вокзалында жолға шыққандар пойызды екі күн бойы күтулеріне тура келген болатын. Бүгін түстен кейін ғана мәселе шешімін тапты деп жазады otyrar.kz.

Астана уақытымен сағат 14:20-да келген «Шымкент-Астана» бағытындағы пойыз, 10 минут аялдап, азаматтарды алып кетіпті. Жолаушылардың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК Шымкент филиалының әкімшілігі тек шудан кейін ғана бас көтеріп, таңғы және түскі аспен қамтамасыз еткен.

Айта өтейік, кеше кешкі сағат 18:00-де жолға шығуы тиіс «Астана-Шымкент» пойызы кешігіп, жолаушыларды әбігерге салған болатын. Вокзал әкімшілігі қызметкерлерінің немқұрайдылығынан еңкейген қарт пен еңбектеген балаға дейін перронда қонуға мәжбүр болғанын айтқан болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді