Түрік мамандары аяқсыз туған астаналық балаға протез жасады

elorda.info
Өткен жылы ол Алматыда атақты мотиватор Ник Вуйчичпен кездескен болатын.

Қазақстандық Ник Вуйчич атанған астаналық Әли Тұрғанбековке түрік мамандары замануи протез жасап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Менің барысым жүріп үйреніп жүр. Алла көмекті жүрегі жақсылық пен мейірімге толы адамдардың қолы мен әрекетімен береді. Бүгін біз ұлымыз екеуміз құшақтасып тұрдық. «Анашым, менің бойым сенімімен бірдей, тіпті Әмірдікінен де ұзын», деді ол қуаныштан. Осы бақыт пен қуаныш үшін біз тау қопаруға дайынбыз», - деп жазды Әлидің анасы Ақмарал Әміреева Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Денсаулық жағдайына байланысы отбасымен Астанаға көшіп келген.

Өткен жылы ол Алматыда атақты мотиватор Ник Вуйчичпен кездескен болатын. Ал биыл ол атақты аргентиналық футболшы Диего Марадоннамен кездескен болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды