Бүгін еліміздің кей жерінде жауын-шашынды болады

24.kz
Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерінде жауын-шашынды болады, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, екпінді желмен бірге дауыл соғуы ықтимал. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерде тұман түсуі мүмкін.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстары, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді