Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

ҚазАқпарат
Найзағаймен бірге жаңбыр жауып, дауыл және екпінді жел соғады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Найзағаймен бірге жаңбыр жауып, дауыл және екпінді жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы15-20 м/с жетіп, найзағай, дауыл күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл соғады. Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме