Түркия АҚШ-пен сауда «соғысын» бастады

Baq.kz
10 тамызда түрік лирасы 2001 жылы белгіленген тарихи минимумға жетті.

Түркия америкалық бірнеше тауардың салығын ұлғайтты. Бұл туралы Reuters елдің T.C. Resmi Gazete ресми газетіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Түркия президенті Тайып Ердоған салықты жеңіл көлікке 120 процент, алкоголге 140 процент, темекі өнімдеріне 60 процент, косметикалық өнімдерге 60 процент жоғарылатты.

Түркияның вице-президенті Фуат Октай Twitter-інде ел мұндай қадамға АҚШ әкімшілігінің түрік экономикасына шабуыл жасағанынан кейін барғанын айтты.

Еске сала кетсек, 10 тамызда түрік лирасы 2001 жылы белгіленген тарихи минимумға жетті. Лираның курсы 18 процентке түсіп кетті. Түркия президенті ұлттық валютаны құтқару үшін азаматтардан доллар мен евроны сатуды өтінді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды