Қызылорда облысы бойынша ҰБТ-да орташа балл - 85,82 балды құрады

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жалпы облыста 100 балдан жоғары жинаған бала саны былтырға қарағанда - 330 (1131 оқушы) балаға өсіп отыр. (2017 жылы - 800 ).

Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орныбасары Руслан Рүстемұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлының қатысуымен өткен брифингте әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар айтылып, маңызды аспектілеріне тоқталып өтті, сондай-ақ, сауалдарға жауап берді. Руслан Рүстемұлы облыстағы мектеп түлектерінің ҰБТ бойынша көрсеткен көрсеткішіне тоқталды.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші 7113 баланың 4742-і (66,7%) қатысты. (2017 жылы - 6196 бала, 4123-і (66,5 %) қатысты). ҰБТ қорытындысымен облыс бойынша орташа балл - 85,82 балды құрады. (2017 жылы- 82,4 балл.)", - деді Руслан Рүстемұлы.

Жалпы облыста 100 балдан жоғары жинаған бала саны былтырға қарағанда - 330 (1131 оқушы) балаға өсіп отыр. (2017 жылы - 800 ).

"Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған облыс бойынша 2371 бітірушінің 669-ы (28,2%) жоғарғы оқу орындарына, 1184-і (50%) колледждерге, 16-ы (0,6%) қысқа мерзімді курстарға оқуға түсу жұмыстары ұйымдастырылуда", - деді ол.

Облыс әкімі орынбасарының мәліметінше, облыс бойынша шекті деңгейден өтпеген 113 болса (былтырғы жылы 148 бала 3,5%), оның 44-і (38,9%) ақылы негіздегі жоғарғы оқу орындарына, 69-ы (61,06 %) ақылы негізде және тегін орта кәсіптік мектептерге оқуға тапсыру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі