Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болды

ҚазАқпарат
Шешім мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды.

Бостандық ауданының «Алатау» ықшамауданындағы Наурыз көшесі Батырхан Шүкенов көшесіне ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Соңғы шешім 16 тамызда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды.

Алматы қаласының Алатау және Бостандық аудандарында 164 көшенің аты өзгертіледі, оның ішінде Еркеғали Рахмадиев, Батырхан Шүкенов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Данеш Рақышев, Николай Пальгов, Владимир Кацев, Ораз Әбішев, Балжан Бөлтіріков атындағы көшелер болады.

Алматы қаласы Мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комитеті мамыр айында Алматыда 164 көшенің атын өзгертуді ұсынды. Өзгерістер сондай-ақ, қаланың Бостандық және Алатау аудандарына да әсер етеді. Бұл бастама көше аттарының бірнеше рет қайталануымен байланысты. Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды