Қазақстанда оқушылардың тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі

stan.kz
4 апталық мәзір Қазақстан тағамтану академиясымен, Ұлттық денсаулық орталығының мамандарының нұқсаулығымен жасалды.

Қазақстанда оқушылардың тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бірінші рет Қазақстан территориясында Алматыда оқушылардың дұрыс тамақтануының бірыңғай стандарты енгізіледі. 4 апталық мәзір Қазақстан тағамтану академиясымен, Ұлттық денсаулық орталығының мамандарының нұқсаулығымен жасалды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, бұл оқушылардың денсаулығын нығайтуға, иммунитетін күшейтуге, дұрыс тамақтану режимін қалыптастыруға бағытталған шара.

Енді қаланың барлық мектептерінде тамақтану қызметін атқаратын кәсіпорындардың барлығы тағамды бір стандарт бойынша дайындайтын болады.

Бірыңғай стандарт бойынша 7-10 жастағы балалар сабақ мезгілінде - 840 ккал, 11-14 жастағы балалар - 951 ккал, 15-18 жастағы балалар 1020 ккал тағам тұтынатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі