Әнші Димаштың есімімен арнайы шай шығарылды

ҚазАқпарат
Алматыда өтіп жатқан тұсаукесер кешіне әншінің өзі де арнайы келген.

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің есімімен жаңа шай шығарыла бастады. Қораптың сыртында әншінің суреті де бейнеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.

Қазір әлеуметтік желілерде танымал тұлғаның өнердегі достары мен жақындары шайдың тұсаукесері сәтінен суреттерін жарыса жариялап жатыр. Олар тілектері мен құттықтауларын Dimash tea хештегін белгілеп, бөлісуде.

Қуанышқа Димаштың жақындары көптеп жиналған. Олардың ішінде әншінің ата-анасынан бастап, Ұлықпан Жолдасов, Данэлия Тулешова, Жанар Айжанова сынды өнер жұлдыздары бар.

Алматыда өтіп жатқан тұсаукесер кешіне әншінің өзі де арнайы келген.

Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео