Қазақстан қажыларының алғашқы легі отанымызға оралды

muftyat.kz
Мəдина-Алматы бағыты бойынша ұшқан 437 қажы дін аман жетті.

Қазақстан қажыларының алғашқы тобы Алматы халықаралық əуежайына келді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мəдина-Алматы бағыты бойынша ұшқан 437 қажы дін аман жетті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Айдар Салқынбаевтың айтуынша, жерлестеріміз көп бөгелместен кедендік бақылаудан өткен. Ұшу рейстері кестеге сай жүзеге асуда.

Бүгінде отандастарымыз Мəдина қаласында құлшылық жасап, тарихи орындарды зиярат етуде. Оларға жолбасшы (гид) мамандар мен имамдар тиісті нұсқаулықтар беруде.

Қажылар орналасқан қонақүйлерде мүфтият бекіткен тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, биыл еліміздің 3000 азаматы қажылық парызын өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған