Алматы қалалық ІІД 102 операторларын іздеуде

Жалақы мөлшері мен жағдайына байланысты бұл жұмысқа келісім беретіндер саны аз.

Алматы қаласының ішкі істер департаменті «102» қызметінің жұмысын жақсарту бойынша аралық нәтижелер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ІІД шұғыл басқару орталығының басшысы Андрей Квашниннің айтуы бойынша, 102 қызметін жақсарту қолға алынды.

"Тәулік бойы қызмет атқаратын 102 операторларының санын арттырамыз. Бізге кемі 32 адам керек", - деді Квашнин.

Оның сөзінше, операторлық қызметке 40-тан астам үміткер келген, кәсіби және моральдық-психологиялық қасиеттерге, компьютерлік дағдыларға, теріп жазу жылдамдығына іріктеуден тек 13 адам өтіп, сынақ мерзімінде қалды.

"Қаласаңыздар, келіңіздер, біз күтеміз", - деді ШБО басшысы. Ол жұмыс тәртібінің күрделі, жалақысы да мәз емес екенін, 12 сағаттық жұмыс уақытында 1 сағат қана үзіліс берілетінін, жарты сағаты ас ішуге, 15 минуттан екі рет қажеттілік туындаған жағдайда босатылатынын, айлықтың 40 мыңнан аспайтынын атап өтті.

Аз жалақыға қарамастан, үміткерлерге қатаң талап қойылады. Заңнан хабары бар, сауатты, екі тілді меңгерген, ағылшын тілін білгені артық етпейтін, жоғары білімді , моральді тұрғыда мықты азаматтарға есік ашық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: