Түркістан қаласында мектептерге автобус тапсырылды

Самат Мырзалиев
Зауыттан биыл шығарылған ПАЗ-32054 маркалы автобустарына жергілікті бюджеттен 34 млн.50 мың теңге қарастырылған.

Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысында білім ұяларына автобус берілді. Көліктің кілтін мектеп басшыларына салтанатты түрде тапсырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев білім сапасын көтеру жөнінде тапсырма жүктеді.

Бұл автобустар шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды мектептерге тасымалдау мақсатында сатып алынған. Атап айтсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Үшқайық ауылдық округіндегі С.Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады.

Сондай-ақ Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістандағы жас туристер станциясына да жаңа автобустар берілді. Зауыттан биыл шығарылған ПАЗ-32054 маркалы автобустарына жергілікті бюджеттен 34 млн.50 мың теңге қарастырылған. Енді бұл автобустар оқушыларға қызмет етеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі