Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында және шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Шығыс жартысында түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның қалған территориясына антициклон әсер етеді, онымен бірге жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық аумақтарының кей жерлерінде ызғар болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с, тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қауіп бар.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус ызғар болады.