2019 жылы дәрігерлердің жалақысы 20% дейін көтеріледі

zhambylnews.kz
Ең алдымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлердің жалақысын көтеру қарастырылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдан бастап жалпы практика дәрігерлерінің, бейінді мамандардың қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен арттыру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алғашқы медициналық көмек мамандарының құзіретін арттыру бойынша бейінді дәрігерлерге өкілеттіктер беруді ескере отырып, алғашқы медициналық көмек мамандарының қызметтерін кеңейту және отбасылық дәрігерлерді дипломнан кейін оқыту жаңа стандартын енгізу жоспарлануда", - деді ол.

Оның айтуынша, мамандарды ынталандыру мақсатында 2019 жылы қызметтеріне тариф сомасын кезең-кезеңімен арттыра отырып, жалпы практика және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу енгізілетін болады.

"Бұл алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақы деңгейін 20 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Алғашқы медициналық көмек дәрігеріне шаққанда қаралатын пациенттер санын 1700 адамға дейін төмендетіп, медициналық мамандардың жүктемесін азайтуды қамтамасыз етеді", - деді министр.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аясында бекітілген халықтың тек белгіленген мөлшері шегінде ғана алғашқы медициналық көмек ұйымдарын қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады.

"Бұл шаралар аурулардың және асқынған ауырулардың профилактикасын жақсартуға алып келеді", - деді Біртанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды