Қазақстанда сатылған LOL қуыршағы денсаулыққа зиян болып шықты

today.kz
Ай сайынғы тексеріс барысында қуыршақ зиянды деп табылды.

Қазақстанда сатылған LOL қуыршағы денсаулыққа зиян болып шықты. Фенол мен формальдегид мөлшерден тыс қолданылған қуыршақ Шығыс Қазақстан облысының дүкенінен табылған. Оны қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Today.kz.

Ай сайынғы тексеріс барысында қуыршақ зиянды деп табылды.

"Ойыншықта фенол мен формальдегид екі және ондаған есе көп. LOL қуыршағының бұл түрінде Ресей Федерациясындағы орган берген сәйкес сертификат бар", – делінген хабарламада.

Ойыншықты қытайлық "YiliHansonTradeLogisticsCo., Ltd" компаниясы өндірген.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ережеге сәйкес келмейтін өнімді сөреден алып тастады. Республика бойынша зертханалық тексеріс күшейтілді.

Зиянды ойыншықты сатып тұрған сатушылар әкімшілік жазаға тартылды.

Ата-аналардан балаға ойыншық таңдағанда оның сертификаты болуын, тауардың таңбасын, қуыршақ дайындалған материал туралы ақпараттың болуын қадағалауды өтінеміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме