Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

shymkenttv.kz
Елдің солтүстік аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте оның соңы шаңды дауылға ұласады.

Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады. Тек елдің солтүстігі мен орталығында аздаған қысымның салдарынан жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің солтүстік аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте оның соңы шаңды дауылға ұласады. Түнде және таң ата кей жерге тұман түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Қызылорда облысында, таң ата және күндіз Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысында желдің соңы шаңды дауылға ұласады.

Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде және Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі