Сүлейменов: Теңгенің әлсірегені анық, бірақ инфляциялық дәлізге оның әсері тимейді

zakon.kz
Көрсетілген дәлізден шықпаймыз - Сүлейменов.

Ұлттық банктің макроэкномикалық моделін алып қарағанда, теңге бағамы мұндай болмауы керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Теңгенің құлдырағанын шынымен көріп отырмыз. Біздің, Ұлттық банктің макроэкномикалық моделін алып қарасақ баға мұндай болмауы керек. Бұл – психологиялық, саяси санкцияларға байланысты болып отырған мәселе", - деді ол.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін инфляция біз қалаған дәлізден шамалы жоғары болады. Дегенмен министрлік ресми түрде дәліздің 5-7 пайыз болатынын айтқан.

"8 айдың қорытындысы бойынша қазіргі дәліз 6% болса, жыл соңына дейін осылай аяқтамауды жоспарлаған едік. Бірақ теңгенің құлдырауынан соң 6,7-6,8% болуы мүмкін. Дегенмен 5-7 пайыздық дәлізден шықпаймыз», - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді