Алматыда ERG арт-фестивалі – Еуразиялық Топтың қызметкерлері арасында өтетін «Шеберлер елі» шығармашылық байқауы аяқталды.
Арнайы шара қонақтары үшін әшекейлер дайындау, матаға батик әдісімен сурет салу және киім тігу бойынша тегін шеберлік сабақтары, Arsen Famo ұсынатын сәнді киім көрсетілімі, танымал қазақстандық мүсінші Эдуард Казарянның перформансы және «АRТиШОК» театрының, Lamp Orchestra мен Stereo Band топтарының өнер көрсетулері ұйымдастырылды.
Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Нұрсұлтан Қарасартов үш тілдегі оқыту карталарының авторы, әзірлеушісі ретінде байқауға қатысып отыр. «Балаларға мұндай карталармен тіл үйрену әлдеқайда оңай. Шеберлер еліне бірінші рет қатысып отырмы. Жаңа формат, ерекше алаң. Алуан түрлі адамдармен, қызық жұмыстармен таныстым», - дейді ол.
Байқау жұмыстарын бағалағандардың бірі – мәскеулік сценарист Андрей Чеважевский: «Неше түрлі салада жұмыс істейтін қатысушылар ұсынған көптеген жұмысты қарадым. Бәрі өте әдемі, талантты және өз ісіне деген үлкен сүйіспеншілікпен көмкерілген. Фестивальге келіп, қазылар алқасы мүшесі ретінде үлесімді қосқаныма қуаныштымын», - деп атап өтті Андрей Чеважевский.
«Көрме» аталымында бірінші орынды «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ қызметкері Кристина Паршукова. Ал «Фотосурет» аталымында Кристинаның әріптесі Евгений Набиев бірінші орынға ие болды. «Жәрмеңке» аталымында «ЕЭК» АҚ өкілі Татьяна Кочубеева бас жүлдеге қол жеткізді. «Еуразиялық Топ» ЖШС-ның қызметкері Лилианна Сембаева «Шеберлік сыныбы» номинациясында жеңімпаз атанса, оның әріптесі Гауһар Жетпісбаева «Мен дизайнермін» байқауында қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болды.
Осы жылғы ERG арт-фестивалі өз мақсатына жетті, яғни қазақстандықтарға кәсіби мамандардың, өз ісі мен түрлі өнердің нағыз шеберлерінің, ашық, батыл, күнделікті тынбай еңбек етудің және өз шығармашылық жолында қол жеткізген жетістіктерімен халықпен бөлісуге дайын жандардың жан-жақтылығы, таланты елге кезекті рет таныстырылды.