Бүгін антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерде тұман, күшті жел болжанады. Жекелеген аумақтарда шаң аралас жел тұрады.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел соғып, оның екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерін тұман басып, желдің екпіні 15-23 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерінде 15-20 м/с екпіндегі желге шаңды дауыл араласады.
Павлодар, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.