Роналду «Ювентуске» жеңіс сыйлады

Хабар 24
50-минутта Криштиану Роналду есеп ашып, «Ювентус» сапындағы алғашқы голын соқты.

Италия чемпионатының 4-турында туриндік «Ювентус» өз алаңында «Сассуолодан» айласын асырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірінші таймда командалар гол соға алмаған еді. Есесіне үзілістен кейін жанкүйерлер үш гол көре алды.

50-минутта Криштиану Роналду есеп ашып, «Ювентус» сапындағы алғашқы голын соқты. Көп ұзамай португалиялық форвард қарсылас қақпасына екінші добын салды. Матч соңына таман Хоума Бабакар есеп айырмасын қысқартқанымен, Италия чемпиондары жеңіс есебін сақтап қалды.

Осы жеңістен соң төрт ойынның бәрін жеңген «Ювентус» 12 ұпаймен көш бастап келеді. Ал «Сассуолоның» еншісінде 7 ұпай бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді