Сутегімен жүретін алғашқы пойыз жолға шықты

altaynews.kz
Пойызды франциялық Alstom компаниясы Германияның Зальцгиттер қаласында құрап дайындаған.

Жексенбі күні Германияның Бремерферд қаласында тұңғыш рет сутегімен жүретін пойыз сыннан өтті. Ал бүгін ол қалыпты маршрут жағдайында Куксхафен, Бремерхафен, Букстехуда қалаларына басып өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Coradia iLint деп аталған пойыздың жылдамдығы – сағатына 140 шақырым. Бір рет сутегі толтырып құйып алса, мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүре береді. Сутегі құйылған цистерна пойыздың төбесіне орнатылған. Судың эенергеиясы мен айналаға қауіпсіздігі қатаң бақылауда.

Пойызды франциялық Alstom компаниясы Германияның Зальцгиттер қаласында құрап дайындаған. Немістер «2021 жылы мұндай пойыздың 14-і жүйткіп жүреді даламызда» деп жоспар құрыпты. Жердегі көлік қатынасы министрлігінің мәліметінше, елдегі барлық пойыз сутегімен жүргізіледі екен болашақта. Осы мақсатта 81,3 млн евро бөлінгенге ұқсайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?