Ресей Өскеменде уран сақтайтын болды

altaynews.kz
Уран қоймаға 2019 жылы түседі екен.

Қазақстанда төмен байытылған уран мен Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң (АЭХА, МАГАТЭ) ТБУ банкінің жұмысына қажетті құрал-жабдықтарды тасымалдау туралы келісім жасалды. Бұл жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Келісімге ресейлік компания «Техснабэкспорт» АҚ-ның логистика бойынша бас директорының орынбасары Олег Козин мен АЭХА ТБУ банкін құру бойынша жобаның жетекшісі Марк Бассет қол қойып отыр. ТБУ-дың сатып алу процесстерін ағымдағы жылы аяқтау көзделген, ал уран қоймаға 2019 жылы түседі екен.

Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң Төмен байытылған уран банкі «соңғы инстанция» болып табылатын механизмге айналуға тиіс. Оған тек аса қажеттілік жағдайында ғана жүгінеді. Бұл қорды әлемдік уран нарығында дағдарыс жағдайы орын алғанда ғана қолданбақшы.

Айта кетсек, аталмыш банк Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады