БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Путин мен Ердоғанға қолдау білдірді

Хабар 24
Арнайы уәкіл Сириядағы жағдайды саяси реттеу мәселесіне де тоқталып, оны бастауға бәрі дайын екенін жеткізді.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілі Стаффан де Мистура Ресей мен Түркия басшыларының Идлиб өңірінде қарусыз аймақ құру туралы келісіміне қолдау білдірді.

Мұндай пікірді арнайы уәкіл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай келісім Шам еліндегі лаңкестікпен күресуге көмектеседі. Осымен қатар де Мистура ресейлік Ил-20 ұшағымен болған оқиғаға тоқталып, тараптарды Сириядағы ахуалды шиеленістіруге әкелетін әрекетке бармауға шақырды. Еске сала кетейік, дүйсенбі күні сириялық әуе қорғаныс күштері ресейлік Ил-20 әскери ұшағын Латакия ауданында атып түсірді. Арнайы уәкіл сондай-ақ Сириядағы жағдайды саяси реттеу мәселесіне де тоқталып, оны бастауға бәрі дайын екенін жеткізді. Бірақ оның өзегі болып табылатын конституциялық комитетті құру біршама қиындықтарға тап болып отырғанына қынжылыс білдірді.

– Сириялықтар елде саяси процестің қашан басталатынын білгісі келеді. Менің ойымша оны жүзеге асыруды қолға алуға бәрі дайын. Егер барлық тарап БҰҰ ұстанымын сақтаса, біз оны тіпті 1 аптадан кейін де бастап кетуімізге болады, - деді БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды