Қазақстанда 2019 жылдан бастап зейнетақы мөлшері артады

Хабар 24
Шара қордың 20 жылдығына орайластырылды.

Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні, деп хабарлайды Хабар 24.

Шара қордың 20 жылдығына орайластырылды. Қалалар мен елді мекендерде таңғы сағат 10.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін азаматтар көкейінде жүрген сауалдарға жауап ала алады. Қатысушылар зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы біліп, қызметкерлерден консультациялық кеңес алуға құқылы.

Келесі жылдан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 27 732 теңгені құрайды. Ал базалық зейнетақы 36108 теңгеге жетеді. 2019-2021 жылға арналған республикалық бюджетте осылай жоспарланып отыр. Елімізде әлеуметтік блоктың шығындары 15,4 триллион теңгені құраған. Оның 4,7 трлн-ы келер жылы жұмсалады. Ал әлеуметтік қамсыздандыруға 9,5 триллион теңге жоспарланса, оның 3 трлн-ы 2019 жылы игеріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді