Жолаушылардың жүгін ақтарған әуежай қызметкерлері жазаланды

ҚазАқпарат
Қазақстан аумағынан тыс жерде иесіз ашылған жол жүктердің саны 80-ге жеткен.

Астана қалалық әуе көлік прокуратурасы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында жолаушылардың жеке мүліктерінің ұрлануына жол бермес үшін арнайы жұмыс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағынан тыс жерде иесіз ашылған жол жүктердің саны 80-ге жеткен. Прокуратураның үйлестіру жұмысының арқасында уәкілетті органдар мен әуежай қызметкерлері азаматтардың мүліктерін қорғау үшін бірқатар ұйымдастырушылық шараларды қолға алып, бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.

«Әуежайдың жүк бойынша қызмет көрсету жұмысындағы енгізілген негізгі жаналық - авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жүк бөлімінде күнделікті кезекшілік атқаратын болды. Тиеп-түсіру барысында бейнетіркеу құралы қолданылады, демек, бейнебақылау жүйелерін жаңғырту арқылы әуежай аймағында «жасырын» жерлер болмайды. Аталған іс-шаралар әуежайдан тыс жерде жасалатын қылмыстарды болдырмауға және олар бойынша қылмысты қудалау органдарымен негізсіз тексерістер жүргізбеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде жеке мүліктерді және жүктерді ұрлау деректері 60% төмендеді (40-тан 16-ға дейін)» делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, аталған шара барысында 8 қылмыстық құқықбұзушылық ашылды, оның 7-уін әуежай жұмыскерлері жасаған. Екі жұмыскерге қатысты айыптау үкімі шығарылды. Қалғандарына қатысты іс сотпен медиация тәртібінде қысқартылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды