Заңсыз еңбек еткен шетелдіктер елден шығарылды

Хабар 24
Жыл басынан бері 40-тан астам кәсіпорында 979 шетелдіктің заңсыз еңбек еткені анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында шетел азаматтарын жұмысқа жегу оқиғалары тыйылмай тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Жыл басынан бері 40-тан астам кәсіпорында 979 шетелдіктің заңсыз еңбек еткені анықталды. Олар негізінен құрылыс, асхана мен дәмханаларда жұмыс істеген. Шетелдіктердің ешқандай келісімшартсыз жұмыс істеп келгенін полиция қызметкерлері кезекті рейд кезінде анықтады. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, тек соңғы үш тәулікте көші-қон заңнамасын бұзған 119 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Ал оларды заңсыз жұмысқа жеккен кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

– 119 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. 637 шетелдік елімізде болмау мерзімдері қысқартылды. ҚР-ның шетелдіктер күшін пайдалану ережесін бұзудың 40 дерегі анықталды. Шетелдіктерді қыбылдап, заң алдында өз міндеттемелерін орындамаған ҚР азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді облыстық ІІД жеке взвод командирінің орынбасары Амантай Хамзин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді