Головкин "Канело" Альвареспен қарымта кездесу сұрады

vesti.kz
GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйым чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қарымта жұдырықтасып, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен. Осылайша, Головкин алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылып қалды.

"Канело" чемпиондығын міндетті қорғау керек шығар, бірақ, өз еркімен де істеуіне болады. Алайда Головкин де қарымта сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек діттелген жоқ, дегенмен, өткізуге ниет білдрді", - дейді Сулейман Киевте өтіп жатқан WBC конвенциясы кезінде.

Айта кетейік, WBC бойынша міндетті қарсылас америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) болып тұр. Ал рингке Альварес 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды