Қазан айының басында қазақстандықтарды салқын ауа райы күтеді

24.kz
Aлдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжитын болады.

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Демалыс күндері климаттық нормадан 4…7°С жоғары ауа температурасымен аномальді жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжыды.

Aлдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжитын болады, онымен 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысының кей жерінде жаңбыр жауады.

Фронттардың артынан республиканың батыс облыстарына қатқақ шақырған кезекті антициклон жылжи бастады.Кейінгі тәуліктерде антициклон шығысқа жылжитын болады, ол Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының 0…5° дейін төмендеуіне себеп болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін