Маңғыстауда менингит белгісімен ауруханаға түскен жауынгердің жағдайы ауыр

Baq.kz
Жергілікті Ақтау қаласы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары науқаспен байланыста болған 355 адамды анықтаған.

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облыстық ауруханасына менингит белгісімен жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Ақтау қаласында кеше 30 қыркүйекте жұқпалы аурулар ауруханасына менингококк инфекциясына күмәнді жауынгер келіп түсті. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ақпараты бойынша, ол 27 қыркүйекте ауырған. Әскери медициналық-санитарлық бөлімшесінде жедел респираторлы аурулар және желшешек диагнозымен емделген. Жағдайының ауырлығына байланысты кеше ғана Ақтау қаласының ауруханасына келіп түсті. Менингитке күмәнді, әлі нақты анықталмады. Лабораториялық сынамалар алынды. Жағдайы ауыр", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Гауһар Бисарина.

Оның айтуынша, жергілікті Ақтау қаласы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары науқаспен байланыста болған 355 адамды анықтаған. Оларды медициналық бақылауға алып, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, № 6656 әскери бөлімнің 21 жастағы жауынгері 30 қыркүйекте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Қазір ол жұқпалы аурулар аурханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты