Қостанайда 453 шетелдік көші-қон заңын бұзған

www.inform.kz
Нәтижесінде, ҚР аумағына келу-кету, жүріп-тұру тәртібін сақтамаған 166 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды.

Қостанай облысында «Нелегал» шұғыл профилактикалық шарасы барысында көші-қон заңын бұзған 453 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нелегал» оперативті-алдын алу шарасы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарын жою мақсатында, сондай-ақ, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында жүргізілуде.

«Жедел-алдын алу шарасы шетел азаматтары көп жағдайда Қазақстанға келу-кету тәртібін бұзатынын көрсетті. Сот шешімін қамтамасыз ету мақсатында 29 шетел азаматы еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды», - деді облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.

Шара барысында 453 шетелдік көші-қон заңын бұзған. Нәтижесінде, ҚР аумағына келу-кету, жүріп-тұру тәртібін сақтамаған 166 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты