Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалағымен өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік сатып алуға қатысты маңызды заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды деп жазады zakon.kz.
Осы ретте Мәжіліс Төрағасы бұл Заң туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алтыншы шақырылған Парламенттің төртінші сессияның ашылуында айрықша назар аударғанын атап өтті.
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, заң жобасы мемлекеттік сатып алуларды жеңілдетуге, олардың тиімділігін арттыруға, сонымен бірге, жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған.
-Үкімет мүшелері, депутаттық корпус енгізген өзгерістер қылмыстардың алдын-алуға және осы сұрақтарды талапқа сай жетілдіруге зор ықпал етеді деп сенеміз. Сондықтан, бүгінгі айтылған ұсыныстарды назарға ала отырып, заң жобасын екінші оқылымға жан-жақты дайындауымыз керек,-деді Н.Нығматулин.
Айта кетейік, Заң жобасында мемлекеттік органдардың электрондық сатып алуының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуының ақпараттық жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін құру болжанады. Ол кәсіпкерлердің бір порталдан барлық сатып алу бойынша тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жалпы қажеттілік көлемін айқындап алуына мүмкіндік береді.