Қазақстандықтарға «7-20-25» сертификаттары берілмек

Baq.kz
7-20-25» сертификатының орташа номиналы 1 млн. теңгені құрайтын болады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін жалпы саны 50 мың данадан кем емес тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болады. Қазақстан халқына үстіміздегі жылдың аяғына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылмақ, деп хабарлайды Baq.kz «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» сертификаттары бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны едәуір жеңілдету мақсатында әзірленіп отыр. Сертификаттарды қала және облыс әкімдіктері өз тұрғындары арасында үлестіретін болады.

«Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдегендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түспек. Біз «Нұр Отан» партиясының қолдауымен алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Және аталған шаруаны қызу дөңгелетіп, осы аптадан бастап әр өңірлерде «7-20-25» сертификаттарын бере бастаймыз», - деді, «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

«7-20-25» сертификатының орташа номиналы 1 млн. теңгені құрайтын болады. Демек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан «7-20-25» бағдарламасына қатысуды ынталандыру үшін кем дегенде 50 млрд. теңге бөлінбек.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында «7-20-25» бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны арзандату мақсатында «Жас арман» мен «Қамқор баспана» өнімдері әзірленіп, олар өңірлерде іске асырыла бастаған еді. Енді өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік жұмыс «7-20-25» сертификаттары аясында кеңінен жүргізілмек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма - сарапшы

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды