Алматыда Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты үкім шықты

today.kz
Виктор Храпунов 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот Храпуновтарды бірнеше миллионнан астам қаржы жымқыру мен мемлекеттік мүлікті иемдену ісі бойынша кінәлі деп тапты.

Виктор Храпунов мемлекеттік мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол барлық мемлекеттік наградалар мен ордендерінен айырылды.

Лейла Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Храпуновтардың жазасын өтеу мерзімі нақты ұсталған сәттен бастап есептеледі.

Бұған дейін мемлекеттік прокурор Виктор Храпуновты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Лейла Храпуноваға 17 жылын колонияда өткізуді сұрады. Судья пікірталастан кейін БАҚ арқылы Храпуновтарды соңғы сөзге шақырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі