Головкин мен «Канелоның» үшінші кездесуі болмауы мүмкін

ҚазАқпарат
Golden Boy бұған қызығушылық танытып отырған жоқ.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі болмауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонстың пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің трилогиясы болмауы мүмкін.

«Головкин үшінші кездесуді күтіп отырғаны түсінікті. Алайда Golden Boy бұған қызығушылық танытып отырған жоқ. Олар желтоқсанда Филдингпен кездесу ұйымдастыруға ынталы. Ал WBC «Канелоның» міндетті қарсыласы ретінде Головкин - Чарло жұбын санкциялады. Дегенмен «Канелоның» WBC титулын осы осы жұптың жеңімпазымен өткізетініне ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан Головкиннің «Канеломен» тағы бір рет кездесуі үшін Чарломен жұдырықтасуы бос әурешілік болуы да мүмкін», - деген пікірде автор.

Альварес-Филдинг кездесуі Нью-Йоркте 15 желтоқсанда өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфициенттер ұсынып отыр: Альварестің жеңісі 1.06, Филдингтің жеңісі 9.2, тең нәтиже - 34.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады