ШҚО-да медициналық анықтамалар қымбатқа сатылып келген

altaynews.kz
Облыстық прокуратура өрескел бұзушылықты анықтады.

Аймақтың бірқатар аудандарында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтің талаптары сақталмай келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай қызметтердің қатарына алдын ала және міндетті медициналық тексеруден өту де кіреді. Өрескел тәртіп бұзушылықты облыстық прокуратура анықтады.

Мысалы, 086 формасындағы анықтаманы беру кезінде стандартқа енгізілмеген дәрігерлердің (дерматолог, гинеколог, психиатр, нарколог) еңбекақылары шығындар қатарына қосылып отырған. Нәтижесінде негізсіз көтерілген бағамен 600 мыңдай адамға қызмет көрсетіліпті.

Облыстық психоневрологиялық диспансерде жүргізуші куәлігін алу кезінде өтетін медициналық тексерудің бағасына зертханашы, санитар, медбике мен кассирдың еңбекақысы қосылған. Сол себепті 083 формасындағы медициналық анықтаманың бағасы 1060 теңгеге қымбаттап кеткен.

-Облыстың 19 медициналық мекемесінің бас дәрігерлеріне заңдылықтың бұзылуын жою ұсынылды. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ал медициналық анықтамалардың бағасы 30 пайызға төмендеді, – деп хабарлады прокуратурада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды