Дариға Назарбаева Қазақстандағы баспасөз қызметтерінің жұмысын "үшке" бағалады

Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтеріне кәсіби дағды мен уақыт жеткіліксіз.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Әрбір министрліктің, әкімдіктің жанында баспасөз қызметті бар. Олар ақпаратты халыққа жеткізіп отыруы тиіс. Бірақ, өкінішке орай кәсіби дағдылары жеткіліксіз немесе уақыттары жете бермейді. Бұл жұмыстарға қазір үш деген баға қоюға болады, ондай проблема бар", - деді ол "Жас қалам" форум аясында.

Оның айтуынша, ақпаратты жеткізу кезінде министрлерде мәселесі туындайды, өйткені қарапайым қазақстандықтар оларды көбінесе түсіне бермейді.

"Теледидар алдында отырған қарапайым көрермен министр девальвация, инфляция, нарықтағы құбылмалылық, таргеттеу жайында айтып жатса не түсіне алады? Мұның барлығы да шетелдік сәнді әдемі сөздері», - деді форум аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген сенатор. Оның айтуынша, мұндай кәсіби тіл шағын аудиториямен жұмыс істеген кезде қажет. мұндай кәсіби тіл шағын аудиториямен жұмыс істеген кезде қажет. Бірақ, дәрігер, мұғалім, зейнеткер, мектеп оқушысы, студент бар кең аудиториямен басқа тілде сөйлескен жөн", - деп санайды депутат.

Сонымен қатар сенатор баспасөз өкілдеріне кеңес берді.

"Мен 55-те болсам да өз жасыммен мақтанамын. Күн сайын оқимын. Білмейтінім болса оны айтуға ешқашан ұялмаймын. Министрлер келіп «ақылды» сөйлей бастайды, сол кезде оларға өзімнің жақсы түсінбегенімді ескертіп, айтқысы келген нәрсені адами түсінікті тілмен түсіндіруін сұраймын. Осыдан соң диалог орнай бастайды. Министрлік не әкімдік беретін пресс-релизге қарап қалмай әрі қарай түсініңіздер. Егер сіздер қандай да бір оқиға туралы хабар таратуға барсаңыздар алдын ала осы оқиға туралы ақпарат жинаңыздар. Ол жерде не туралы айтылады, не үшін адамдарды жинап жатыр дегенге жауап алу тиіс. Себебі осындай форумдар, конференциялар, әкімдердің тұрғындармен кездесуінен біріншіден, уақыт кетеді, адамдар жұмыс істейді, логистика, қаржылық шығын бар. Сол үшін де бұл не үшін қажет, халыққа не береді, әкім, министр, оның орынбасары не банк төрағасы не айтқысы келді, осы сұрақтарға жауап алуды алдарыңызға қойыңыздар", - деп қорытындылады Назарбаева.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: