Ақтөбедегі шахтада жарылыс болды

www.inform.kz
Қазіргі кезде инспекторлар жарылыстың себебін анықтауда.

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатында жарылыс болып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дөң кен байыту комбинатындағы жарылыс туралы облыстық еңбек инспекция басқармасы хабарлады. Қазіргі кезде инспекторлар жарылыстың себебін анықтауда.

Ал сол кезде жұмыста болған 42 жастағы Мейрамбек Кенжеғалиев қазір аудандық ауруханада жатыр.

Санавиация шақырылып, тиісті көмек көрсетілді. Алдағы уақытта науқас облыс орталығына жеткізілуі мүмкін.

«12 қазан күні сағат 1:00-де Дөң кен байыту комбинатындағы шахтада жарыс жасаушы болып жұмыс істейтін 42 жастағы азамат ауруханаға ес-түзсіз жансақтау бөліміне түсті. Көптеген дене жарақтарын алған, кеннің астында қалып, кеуде тұсы қысылған. Қазір жағдайы бірқалыпты ауыр, есін жиды. Травматолог, нейрохирург дәрігерлер қарады. Облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізу жоспарланып отыр»,- деді аудандық аурухананың бас дәрігері Жолдасбек Қамбаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады